Liquid және Complexity командалары BLAST Premier Fall Showdown 2023 Americas турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Liquid ұжымы Party Astronauts командасын 2:1 (Inferno-да 16:8, Overpass-та 11:16 және Mirage-да 16:7) есебімен жеңді.

Complexity командасы FURIA ұжымын 2:1 есебімен жеңді (Overpass-та 7:16, Nuke-де 16:14 және Inferno-да 16:14).

8 қазанда командалар BLAST Premier Fall Final 2023 турнирінің слотын сарапқа салады.

BLAST Premier: Fall Showdown 2023 турнирі 4-8 қазан аралығында онлайн форматта өтіп жатыр.