Шайба.kz сайтының хабарлауынша, Ерлан Сағымбаев пен Александр Высоцкий «Барыстың» жаттықтырушылар штабына қосылып, Ғалым Мәмбеталиевке көмектеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандық мамандар биылғы маусымды «Номадта» бастады. Олар Ригада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасымен де бірге жұмыс істеді. Бір қызығы, үшеуі де бұрын «Барысты» баптаған: Александр Высоцкий – клубтың ҚХЛ-дағы бірінші маусымында, Ерлан Сағымбаев – 2015 жылы, Ғалым Мәмбеталиев – 2018 жылы.