Алматылық «Айсұлу» Еуропа әйелдер хоккей лигасының (EWHL) кезекті маусымындағы «Зальцбург Иглз ДЕК» ХК (Австрия) матчында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 12:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Алисия Уильямс (дубль), Алина Иванченко (дубль), Лорен Николсон (дубль), Елизавета Дюндина, Пернеш Әшімова, Ольга Широкова (дубль) және Кристина Хейс (дубль) болды.