Бүгін Жапония жолдарында «Тур де Кюсю» көпкүндік веложарысының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңде астаналық Андрей Зейц жеңіске жетті. Антонио Нибали (Астана) екінші, ал EF Education-NIPPO Development Team командасының өкілі Юке Тодоми үшінші болды.

«Тур де Кюсю». Екінші кезең, Минамиогуни - Минамиасо (107,53 км)

1. Андрей Зейц («Астана»)

2. Антонио Нибали («Астана»)

3. Юке Тодоми (EF Education-NIPPO Development Team)