Бүгін, 8 қазан күні таңертең Ханчжоуда (Қытай) Азия ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша отандық спортшылар 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Соңғы медальдық есепте Қазақстан 11-орынға табан тіреді.

Дода қожайыны Қытай 383 (201-111-71) жүлдемен топ жарды. Екінші орынға Жапония 188 (52-67-69) медальмен жайғасты. 190 (42-59-89) жүлдеге қол жеткізген Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы медальдар есебі бойынша Қазақстан құрамасы бесінші орын иеленді.

2023 жылғы Азия ойындарының қорытындысы:

1. Қытай – 201-111-71 (383)2. Жапония - 52-67-69 (188)3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)4. Үндістан - 28-38-41 (107)5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)6. Қытайлық Тайбэй – 19-20-28 (67)7. Иран – 13-21-20 (54)8. Тайланд - 12-14-32 (58)9. Бахрейн - 12-3-5 (20)10. Солтүстік Корея - 11-18-10 (39)

11. Қазақстан - 10-22-48 (80).