Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 50 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы ирандық спортшы Сара Бахманярды 5:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Мөлдір Азия ойындарының алтыны үшін тайпейлік Гу Шиау-Шуангпен шайқас өткізеді.