Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалдық жарысқа еліміздің әр өңірінен 160-тан астам тұлпар мен шабандоз қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 82 500 000 теңгені құрады. Жарыс бәйгенің 7 түрі: құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, жорға жарыс, Қазақстанда туған құнандар бәйгесі, ұлы аламан және екі жасар тұлпарлар арасындағы ұшқыр бәйге бойынша өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары финалда құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге бойынша сайысқа түсті. Бір айта кетерлігі, бүгін Қазақстанда алғаш рет 35 шақырымдық Ұлы аламан бәйге ұйымдастырылды. Оған ешқандай шектеу қойылған жоқ, қатысуға ниет білдірген кез-келген шабандоз қатысуға мүмкіндік алды.

«Ат спорты, оның ішінде бәйге — біздің халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Бәйге біздің қанымызда. Бұл тек спорт түрі ғана емес, ерекше мәдениет пен өнердің, біздің ұлы ата-бабаларымыздың мұрасы. Біздің міндетіміз – ұлттық спортты дамыту және насихаттау», - деді ҚР бәйге федерациясының президенті Қанат Көпбаев.

Жарыс нәтижелері төмендегідей болды:

«Ұшқыр бәйге» 1 600 метр:1-орын Күрішбек Д. — «Орасан Зор» есімді тұлпары;2-орын Табылдиев Р. — «Бекзада» есімді тұлпары;3-орын Алпысбай Р. — «Рианна Скай» есімді тұлпары;

«Құнан бәйге» 11 шақырым:1-орын Арнат Мұратхан — «Зымыран» есімді тұлпары;2-орын Ділнұр Нұрмұқаш — «Мамлюк» есімді тұлпары;3-орын Асланбек Абдықал — «Жезқара» есімді тұлпары;4-орын Айбат Даниярұлы — «Батыр» есімді тұлпары;

«Жорға жарыс» 9 шақырым:1-орын Мүслімұлы Мақсат — «Банзай» есімді тұлпары;2-орын Еркебұлан Берікболатов — «Анашид» есімді тұлпары;3-орын Рольман Анатолий — «Мырза-торы» есімді тұлпары;

«Қазақстанда туған құнандар бәйгесі» 11 шақырым:1-орын Арнат Мұратхан — «Жұлдызай» есімді тұлпары;2-орын Абзал Тұрмыс — «Бейбарыс» есімді тұлпары;3-орын Айсұлтан Миразат — «Жанетта» есімді тұлпары;4-орын Қуат Әділқас — «Маржан» есімді тұлпары;

«Топ бәйге» 18 шақырым:1-орын Абзал Тұрмыс — «Тұмар» есімді тұлпары;2-орын Нұрали Айтқабыл— «Ақтанау» есімді тұлпары;3-орын Асылжан Төлеген — «Балхаш» есімді тұлпары;4-орын Олжас Мейржанұлы — «Нарқасқа» есімді тұлпары;5-орын Қуанышбек Төлендиев — «Алғабас» есімді тұлпары;

«Аламан бәйге» 25 шақырым:1-орын Әлішер Тілек — «Секрет» есімді тұлпары;2-орын Амирхан Торебеков — «Студ Мэн» есімді тұлпары;3-орын Алдияр Ердосұлы — «Алғыр» есімді тұлпары;4-орын Мұратхан Арнат — «Бәйтерек» есімді тұлпары;5-орын Нұрәлі Айтқабыл — «Томирис» есімді тұлпары;

«Ұлы аламан бәйге» 35 шақырым:1-орын Абдыкал Асланбек — «Шағала» есімді тұлпары;2-орын Абзал Тұрғанбек — «Айсуат» есімді тұлпары;3-орын Исламнұр Ертөс — «Ақжүрек» есімді тұлпары;4-орын Алдаберген Алмаз — «Талисман» есімді тұлпары;5-орын Бақжан Айдаралы — «Сарыарқа» есімді тұлпары.