Андрей Скабелка «Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кеткеннен кейін оның міндетін атқарушы болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды. Ол команда құрылымында 2009 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. 2023 жылы оның жетекшілігімен еліміздің студенттер құрамасы Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада қола жүлдегер атанды. Ал «Номад» командасы Қазақстан біріншілігінің алтынын жеңіп алды.