Қазақстандық брейк-дансерлер Әмір Зәкиров пен Сайора Әлібекова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының бірінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың бірінші батлдағы қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Ким Хонг Юл болды, ол Закировты 2:0 есебімен жеңді.

Сайора Әлібекованың қарсыласы қытайлық брейк-герл Джен Юнгин болды. Төреші 2:0 есебімен жеңісті Қытай өкіліне берді.

Қыздар арасында алтын медальді қытайлық Лю Цинги, ұлдар арасында жапониялық Сигэюки Накараи алды.