Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылардың қарсыластары Иран құрамасының өкілдері болды. Екі команда да бар күшін салып, жеңісті қолдан жібергісі келмеді. Осылайша Азия ойындарының қола жүлдегері пенальти сериясында анықталды.

3-орын үшін матч. Ерлер.

Иран – Қазақстан 7-7 (пенальтиден 2:3).