Ханчжоу (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каратеден әйелдер арасында 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Софья Берульцева финалда непалдық Арика Гурунгті 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Осылайша, Азия ойындарындағы 10-алтын жүлденің арқасында Қазақстан жалпы медальдық есепте 3 сатыға көтерілді (10-орыннан 7-орынға). Қазір Қазақстан қоржынында 73 медаль (10 алтын, 20 күміс және 44 қола) бар.

Еске салайық, бұған дейін каратэші Дидар Әмірәлі Азия ойындарының қола жүлдегері атанған. Тағы бір қазақстандық спортшы Данияр Юлдашев күміс медаль иеленген болатын.