Қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде Юлдашевтың қарсыласы Малайзия өкілі Мухаммад Ариф Малик болды. Жекпе-жек 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп, қазақстандық каратэшінің қарсыласы 10-4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін 68 келіден жоғары салмақта Қазақстанның тағы бір өкілі София Берульцева алтын медальді сарапқа салады.