Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дидар Әмірәлі Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлде салды

Каратеден ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық спортшы қола жүлде үшін таласта ирандық Амир Заде Махдиді 7:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан еншісінде 44-қола бар.