Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Синхронды жүзу жарысында қазақстандық Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қола медаль алды.

Тұяқова мен Пушкина еркін бағдарламада 200.5354 ұпай жинап, қорытынды нәтижеде үшінші орынға (418.6987) ие болды. Бұл сында алтын медаль Қытайға (526.8620) бұйырды, жапондар екінші (489.4288) орын алды.