Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында су добынан жартылай финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы Қытай құрамасымен кездесті. Турнирдің финалына шығу үшін өткен кездесу 13:14 есебімен пенальтиде ватерполшыларымыздың жеңілісімен аяқталды.

Су добы. Жартылай финал. Ерлер

Қазақстан – Қытай 13:14