Еуразиялық жекпе-жек лигасы мен OLIMPBET бірлесіп ұйымдастырған OCTAGON OLIMPBET SELECTION 28 іріктеу турнирінің кезекті жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбек файтері Хумоюн Джураев (2-1) пен қазақ файтері Азамат Мырзабай (1-0) арасындағы айқас тартысты өтті.

Қазақстандық файтер басымдыққа ие болып, шабуылға көп шыққан. Алайда өзбек спортшысы қарымта шабуылды сәтті орындап, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.