Слаломда ескек есуден Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында финал жарыстары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапынан жекелей сында Екатерина Таранцева финалда өнер көрсетіп, 115.71 ұпаймен үшінші орын алды.