Елордалық «Астана» бас бапкері Григорий Бабаян Конференция лигасының топтық кезеңіндегі «Виктория Пльзеньге» (1:2) қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз күткендей, матч өте қиын болды. Кейде ойын өрескел болды, бірақ бұл олардың стилі - мықты, агрессив футбол ойнайды. Бізде қиындықтар болды: «Ақтөбеден» кейін 7-8 ойыншы вирус жұқтырды. Біз екі жылдам гол жіберіп алдық. Футболшы алмастыру арқылы ойынға оралуға тырыстық. Бәрі барын салып ойнады. Өте өкінішті жеңіліс. Біз жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді», - деді Бабаян.

Конференция лигасы топтық кезеңінің екі ойынынан кейін Бабаянның командасы бірде-бір ұпай жинай алмай, С тобында соңғы орында тұр.