Астанада УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясында «Астана» мен «Виктория Пльзень» командалары арасында матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Томаш Хора мен Ян Копичтің голдарына алаң иелері Марин Томасовтың дәл соққысымен ғана жауап берді.

«Астана» (Қазақстан) - «Виктория Пльзень» (Чехия) 1:2 (0:0)

Голдар: Томасов 51 (1:0) – Хоры 54 (1:1), Копич 57 (1:2)

Төреші: Густаву Коррея (Португалия)

5 қазан 2023, 20:30, Астана, «Астана Арена» стадионы.