Ауыр атлетикадан Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
 94 келіге дейінгі салмақта Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы қоссайыс нәтижесі бойынша 383 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 167 келіні, серпе көтеруде 216 келіні көтерді. Күміс Оңтүстік Корея елінің спортшысы Джунг Хуенге бұйырды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша Рүстем Сыбайдан 6 келі аз көтерді. Қола жүлдегер атанған ирандық Али Хашими де осы нәтижені көрсетті. Алайда кәріс спортшысының Алиден салмағы аз болып шықты.
 
massaget.kz сайтынан