WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Нұрқанат Әжіқанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында жеңіске жетті.

Ол финалда Иордания өкілі Хасан Масарвехтен 8:0 есебімен басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды.

Нұрқанат 2021 жылы Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған, әлем чемпионатында 2 мәрте қола жүлде жеңіп алған, 3 дүркін Азия чемпионы.

Айта кетейік, каратэден жүлде үшін жекпе-жектер елорда уақытымен сағат 12:00 мен 16:00 аралығында өтеді.