Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Дінмұхаммед Сайын Түркияның «Самсунспор» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Сайын алматылық «Академия 05» командасының түлегі, ол жаңа командаға еркін агент ретінде ауысты.

18 жастағы футболшы түркиялық клубтың жастар командасында ойнайды. Негізгі командаға ауысқан кезде «Академия 05» бонус алады.

Сайын әртүрлі жастағы Қазақстан жастар құрамаларында ойнаған. Осы маусымда жартылай қорғаушы Екінші лигада 15 матчқа қатысып, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді.