Еуразиялық жекпе-жек лигасы мен OLIMPBET бірлесіп ұйымдастырған OCTAGON OLIMPBET SELECTION 28 іріктеу турнирінің бесінші жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақта 18 жастағы өзбек дебютанты Шоджохон Адбуманапов пен 24 жастағы қазақстандық Ақжол Исаханов (1:0) кездесті.

Бірінші раундында өзбекстандық қарсыласына қуатты соққы жасап, нокдаунға түсірген. Бірақ екінші бес минуттықта қазақстандық файтер қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.