Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының спортшысы Нұржан Батырбеков Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз жартылай финалда 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Оңтүстік Кореядан келген Чо Сон Хенді жеңді.

Финалда Нұржан Батырбеков БАӘ спортшысы Мохаммед Аль-Сувайдимен кездеседі.