2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық альпинистер командалық жылдамдықтан жарысқа түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан намысын мына спортшылар қорғады: Әсел Марленова, Тамара Ұлжабаева, Әделия Өтешева, Тәнзила Оспан, олар 27,998 ұпай жинады.

3-орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық әйелдер Оңтүстік Корея өкілдерінен 26,901 ұпаймен ұтылды. Алтын медальды 20,925 ұпаймен Қытай құрамасының атынан шыққан спортшылар жеңіп алды. Индонезиялық альпинистер 23,506 көрсеткішпен күміс алды.

Айта кетейік, өрмелеуден ерлер құрамасы (Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Бекнұр Алтынбеков, Әлішер Мұрат) ширек финалға жолдама алды.