2028 жылғы Еуропа чемпионаты Ұлыбритания мен Ирландияда өтетін болды, деп хабарлайды Propsorts.kz.

Турнирді өткізуге өтінімді Ресей, Түркия және Ұлыбритания мен Ирландия бірлесіп тапсырған. УЕФА 2028 жылғы Еуро чемпионатының өтетін орны туралы соңғы шешімін тек 10 қазанда жариялауы керек еді.

Бірақ Украинадағы соғыстан кейін Ресей бұл тізімнен шығарылды, ал Түркия футбол федерациясы бүгін Италиямен 2032 жылғы ЕУРО-ға бірлесіп өтінім беруіне байланысты 2028 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдаудан бас тартты, деп хабарлады УЕФА баспасөз релизі.