Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Ханчжоуда Азия ойындары аясында жартылайфиналдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Богданованың қарсыласы таиландтық Джанжаем Суваннафенг болды. 66 келіге дейінгі салмақта қазақстандық сәтті өнер көрсете алмады. Таиланд боксшысы Богданованы үш рет нокдаунға түсірді.

Қазақстандық боксшы жартылай финалға шыққаны үшін қола жүлдегер атанды. Бірақ отандасымыз финалға шыға алмағандықтан, Олимпиада ойындарының лицензиясын еншілемеді.