Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет қытайлық Ханчжоудағы Азия ойындарында грек-рим күресінен күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтың қарсыласы жапониялық Эндо Кацуаки болды. Жапон балуаны 4:3 есебімен жеңді.

60 келіде Айдос Сұлтанғали Солтүстік Корея өкілі Сын Рен Римен күш сынасты. Қола медальді кореялық балуан жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін грек-рим күресінен жарыста екі қазақстандық шығады: Азат Садықов (77 кг), Мақсат Сайлау (87 кг).