Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 57 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Мижгона Самадовамен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық қыз алтын жүлде үшін Қытайлық Тайпейден келген Лин Ю Тингпен шеберлік сынасады.

Осылайша, Карина өзіне кем дегенде күміс медальға кепілдік берді. Бұған дейін ол 2024 жылғы Олимпиадаға лицензия алған болатын.