Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында сенсациялық жеңіліске ұшыраған бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновке өз еліңде қолдау көрсетуді жөн көрді, деп хабарлайды Prosports.kz.

71 келіге дейінгі салмақта 1/2 финалда Шымбергенов жапондық Севон Оказавамен кездесіп, сенсациялық түрде (2:3) жеңіліп қалды.

Қазақстанға келген соң Асланбекке Қазақстан бокс федерациясының басшылығынан сыйлық – автокөлік беріледі.

Айта кетейік, Асланбек Азия ойындарындағы жолын қоламен аяқтады.