«Астана» велокомандасы «Тре Валли Варезине» бір күндік жарысына қатысатын шабандоздар құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі қазақстандық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда құрамы: Самуэле Баттистелла, Давид Де Ла Крус, Симоне Веласко, Харольд Техада, Джанни Москон, Фабио Феллине мен Микеле Гаццоли.

Бір күндік жарыс 3 қазанда Италияда өтеді.