Қазақстандық Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каноэде ескек есуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар 200 м қашықтықты 46.627 секундта бағындырып, екінші орын алды. Жеңіске Қытай құрамасының (44.296) спортшылары жетті, ал үшінші орынды Өзбекстан иеленді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 42 медаль бар: төрт алтын, тоғыз күміс және 29 қола.