Қазақстандық Тимофей мен Сергей Емельяновтар Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағайынды Тимофей мен Сергей Емельянов каноэ есуден 1 мың метр қашықтықта 3:49.991 нәтижесімен мәреге екінші болып жетті. Жеңіске өзбекстандық (3:43.796) спортшылар жетті. Үздік үштікті үндістандық спортшылар түйіндеді.

Қазақстан үшін бұл медаль Азия ойындарындағы 41-жүлде болды: төрт алтын, сегіз күміс және 29 қола.