Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін қазақстандық Рината Сұлтанова 18,3 шақырымдық жекелей жарыста қола жүлдегер атанды. Өзбекстандық Ольга Забелинская (24:35.99) мен жапониялық Эри Ёнамине (+59.60) бірінші және екінші орын алды.

Айта кетейік, бұл жүлде әйелдер арасындағы ұлттық велоспорт тарихында екінші жүлде болды. 2006 жылғы Ойындарда Зульфия Забирова осындай жарыста күміс алған еді.

Ханчжоудағы Азия ойындары. Жекелей жарыс. 18,3 км. Әйелдер1. Ольга Забелинская (Өзбекстан) - 24:35.992. Ери Яномине (Жапония) +59.6 3. Рината Сұлтанова (Қазақстан) +1:00.11