Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Виктория Хританькова пікір білдірді.

– Соңғы үш Азия ойындарында күміс жүлде алып жүрген құрамамыздың бұл жолғы мақсаты кем дегенде күміс жүлде алу еді. Себебі бірінші орын алған Қытай құрамасы бізден мықты.

Соған қарамастан, олармен тең дәрежеде өнер көрсеттік. Сондықтан қола медальға көңіліміз толмай тұр. Әйткенмен, жоқтан жақсы.