Қазақстандық ескекшілер Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов Азия ойындары-2022 алтын медалін байдарка мен каноэде есуден жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Екінші орынды Жапония иеленді. Иран үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының активінде қазір төрт алтын бар.