Жартылай орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы (66,7 келіге дейін) және pound-for-pound рейтингінің көшбасшысы Теренс Кроуфорд мексикалық Сауль Альварестің америкалық Джермелл Чарлоны жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, 1 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ) өткен жекпе-жекте Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Кроуфорд әлеуметтік желіде: «Құттықтаймын, Канело, арыстанды арыстанның баласына ұқсатып жібердің», - деп жазды.

33 жастағы «Канело» мансабындағы алпысыншы жеңісіне қол жеткізді.