Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз моңғолиялық боксшы Намун Монхормен кездесті.

57 келі салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Карина Ибрагимова бокстан алғашқы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Жартылай финалда Ибрагимова Сацуки Есидзава (Жапония) Мижгона Самадова (Тәжікстан) жұбының жеңімпазымен кездеседі.