Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Жазғы Азия ойындарындарының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ертуған ширек финалда моңғол боксшысы Чинзорик Баатарсухпен кездесті. Бұл жекпе-жекте моңғолиялық спортшы жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Сюэчжэнь Ханнан жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты.