Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өтетін Азия ойындарында жарыстың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Наталья Богданова моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсуренмен рингке шықты.

Кездесу төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық қыздың жеңісімен аяқталды. Жартылай финалға шығу оған жарыста кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.