Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

75 келі салмақта сынға түскен Валентина Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қытайлық Ли Цяньннен жеңіліп жарыс жолын аяқтады.