Бүгін Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында шахматтан командалық турнирдің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жансая Әдбұмәлік, Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Алау Нұрматова, Динара Сәдуақасова сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезиядан жеңіліп қалды.

Қазақстан ерлер құрамасы да (Алдияр Аңсат, Ринат Жұмабаев, Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов, Рамазан Жалмаханов) Иранға жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда ерлер де, әйелдер командасы да ірі жеңіске жеткен болатын.

Командалық турнир. Бірінші айналым. Ерлер

Қазақстан – Иран 1,0 – 3,0

Командалық турнир. Бірінші айналым. Әйелдер

Индонезия – Қазақстан 2,5 – 1,5

Фото: ҚТФ баспасөз қызметінен