MOUZ ұжымы ширек финалда G2 командасын жеңіп, ESL Pro League Season 18 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:1 (Mirage-да 16:13, Ancient-те 14:16 және Inferno-да 16:7) есебімен аяқталды.

G2 командасы 5-8-орын алып, ESL Pro League Season 18 турнирімен қоштасты. Сонымен қатар, ұжым 35 мың доллар сыйақы алады.

30 қыркүйекте MOUZ жартылай финалда ENCE командасымен кездеседі.