Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындарының екінші аптасы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін күндізгі сессияда қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетті. Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының жартылай финалына шықты.

Аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жатқан Қамшыбек бахрейндік Данис Латыповты 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының жүлдегері атанды.

Айта кетейік, кешкі сессияда Қазақстанның тағы үш өкілі: Валентина Хальзова (75 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) жекпе-жек өткізеді.