Өзбекстандық файтер Шохасан Мирзаматов (10-3) OCTAGON лигасының жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы қазақстандық Георгий Кичигинді (29-10) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер сен кешегідей өнер көрсетсек, мені ешқашан жеңе алмайсың! Зомби сияқты қозғаласың. Бұл белбеу маған және Өзбекстанға тиесілі! Жақында сенімен кездесемін, Егорушка, қорқақ кім екенін көреміз!» – деді Мирзаматов.

Айта кетейік, OCTAGON 47 турнирінде Мирзаматов ирандық Акбар Азади Фарды (4-1) нокаутпен жеңді.

Ал 23 қыркүйекте OCTAGON 50 турнирінде Кичигин ресейлік Ричард Тотровты (12-7) мерзімінен бұрын жеңіп, Еуразиялық жекпе-жек лигасының жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды.