Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалық сында Ирина Юнусметова мен Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрден ату жарысында 12-орын алды(567 ұпай).

Осылайша қазақстандық жұп финалға өте алмады.

Айта кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.