Украиналық боксшы Александр Усик пен британдық Тайсон Фьюри ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің айтуынша, титулдық жекпе-жек Сауд Арабиясында 2023 жылдың 23 желтоқсанында немесе 2024 жылдың қаңтарында өтеді.

Александр Усик кәсіпқой бокста 21 жекпе-жек өткізіп, 21 жеңіске жеткен. Тайсон Фьюри 34 жекпе-жекте 33 жеңіске жетті (1 тең нәтиже).