Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финал кезеңінде Ибрагимованың қарсыласы Солтүстік Корея өкілі Пак Джин Ханг болды. 57 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Карина төрешілердің бірауыздан (5:0) қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Келесі кезеңде Карина Ибрагимованың қарсыласы Намун Монхор (Моңғолия) мен Джин Хежон (Корея) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болады.