Қазақстандық «Астана» велокомандасы Италияның Эмилия-Романья провинциясының жолдарында өтетін біркүндік тас жол веложарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрам: Харольд Техада, Кристиан Скарони, Давид Де Ла Крус, Симоне Веласко, Самуэле Баттистелла, Антонио Нибали, Джанмарко Гарофоли.

«Джиро дель Эмилия» веложарысы ертең, 30 қыркүйекте өтеді.