Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде тағы бір кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар Тайланд өкілдерімен кездесіп, 8-13 есебімен жеңіске жетті.

Азия ойындары-2022. Әйелдер.

Таиланд – Қазақстан 8:13 (2:4, 2:3, 3:5, 1:1)

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтіп жатыр.